Павлодар қаласындағы колледждердің бірінде құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл студенттерге чемпионаттарға дайындалуға, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын. 

Павлодар қаласындағы сервис және тамақтану колледжінің студенттері әртүрлі ворлдскилс чемпионаттары мен жарыстарына жиі қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бұдан да жоғары көрсеткішке жетіп, студенттерге жайлы жағдай жасалуы үшін колледжде құзыреттілік орталығы қолданысқа берілді.  

Алма Айтуарова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары

2020 жылдан бастап елімізде 300 ден астам құзыреттілік орталықтары ашылған. Осы орталық бүгінгі біркүндік жұмыс емес. Бұл колледж студенттері. 

Өңірде 40 тан астам колледж бар. Олардың төртеуінде осындай құзыреттілік орталықтары бар екен.

Гүлмира Шұғабаева, Павлодар қаласы сервис және тамақтану колледжінің басшысы

Бұл біздің колледж үшін жақсы жаңалық. Себебі жыл сайын біздің студенттер жоғары нәтиже көрсетеді. Павлодардағы 47 колледждің 4-еуінде құзыреттілік орталығы бар. Біздің құзыреттілік орталығымыз облыстық мәслихат депутаттарының, әкімдіктің демеушілігі есебінен ашылды. 53 жылда бірінші рет мында жөндеу жасалды. Үлкен құзыреттілік.  

Әр мамандық пен бағыттың жеке кабинеті қарастырылған. Шеберлік сыныптарында студенттер ворлдскиллс сынды құзыреттілік чемпионаттарына дайындалатын болады.  

Санжар Зейнолла, колледж студенті

Біз өте қуаныштымыз. Чемпионаттар, жарыстар кезінде басқа қалаларға баармыз сол кезде оларда құзыреттілік орталықтарының көп екендігін, жақсы дамығандығын көреміз. Бұл студенттерге мол мүмкіндік береді. Чемпионаттарға дайындаламыз. Колледжде практикалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Мен «мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша оқимын. Біздің кабинетте бар, кофемашина, тәжірибелік жұмыс кезінде қолданатын барлық дүниелер қойылды. 

Колледжде 419 студент оқиды. Олар тамақтануды ұйымдастыру, қонақ үй бизнесі, мейрамхана ісі, туризм мамандықтары бойынша білім алады. 

Самал Қалиқызы