Ауруханадағы жайлы орта – науқастың тезірек сауығуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Павлодар облыстық балалар ауруханасында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл медициналық мекеменің бөлімшелері жаңа үлгідегі қажетті тұрмыстық техникамен толықты. Оған қанша қаражат жұмсалды? Толығырақ алдағы сюжетте.
Жаңартылған құрал-жабдықтар стационар бөлімшелерінің қажеттілігін өтеуге бағытталған. Ауруханаға заманауи медициналық кереуеттер, күйік бөлімшесіне арналған арнайы жабдықтар, матрастар, жастықтар, төсек жабдықтары және тұрмыстық техника жеткізілген.
Әсемгүл Жұмашева, Павлодар қаласының тұрғыны
Бұл жерде маған керуеттер мен матрастар қатты ұнады өте ұнады. Қызметкерлерде өте жақсы қарайды. Балам уланып қалған кезде қатты қорыққан едім қазір жағдайымыз жақсы. Бәрі ұнап жатыр.
Соңғы жылдары ауруханада пациенттерге қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде бөлімшелердегі ескірген жиһаздар мен медициналық құралдардың орнына жаңа үлгідегі жабдықтар қойылуда. Бұл балалардың ауруханада ем қабылдауын анағұрлым жайлы етеді.
Айдар Сайлауов, Павлодар облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінің ординатор дәрігері
Отделенияларда көбінде керуеттер алмасты. Ескі керуеттерді жаңарту мақсатында және науқастарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жасалып отыр. Бұл әлі де жалғасын табатын болады. Атап айтқанда күйік бөлімшесіне 25 килограммдық керует алынды. Сапалы жабдық болып есептеледі.
Жалпы құны 117 миллион 21 мың 560 теңгені құрайтын құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл қаражат аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және пациенттерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
Дильназ Қуанышбекқызы