Облыста тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауға деген белсенділігі артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы бес айында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 931 өтініш түскен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп. Мамандар мұны түсіндіру жұмыстарының нәтижесімен байланыстырады.


Өтініштерді қарау барысында азаматтарға 32 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Сонымен қатар сот шешімдері арқылы тұрғындардың пайдасына 25 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі.

Болат Тұрмағанбет, Павлодар облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Жалпы департаменттің қаралған өтініштердің 40 пайызы талаптары қанағаттандырылды, 29,7 пайызына түсіндірме берілді, 14,5 пайызы кері қайтарлып берілді, ал 14,2 пайызы құзыретті органдарға жолданды. Мемлекеттік бақылау қызмет бойынша есептік кезеңде департаментпен 110ға жуық жоспарлы және жоспрадан тыс тексеру өтті. оның ішінде сауда саласында 84 тексеру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 26 тексеру өткізілді. 

Көп кездесетін заң бұзушылықтардың қатарында кәсіпкерлердің тұтынушылардың өтініштерін уақытылы қарамауы, тауарды қайтарудан немесе айырбастаудан бас тартуы бар. Сондай-ақ баға жапсырмасындағы құннан қымбат сату, тауар туралы жалған немесе толық емес ақпарат беру сияқты фактілер де анықталған.

Болат Тұрмағанбет, Павлодар облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Әлеуметтік тауарларға негізсіз көтеру фактілеріне тоқталып кетсем. Жыл басынан бері кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік тауарларға белгіленген бағадан асыру фактілері анықталды. Сәбізге 96 пайыз үстемесі, 130 тг сатып, 155 тг сатқан. Макарон өнімдері 66 пайыз, қияр өніміне 56 пайыз, пияз өніміне 50 пайыз, қырыққабат өніміне 47 пайыз сауда үстемелері анықталды. Бұл бағытта департаментпен бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. 

Жыл басынан бері сауда саласындағы заңнаманы бұзудың 80 дерегі тіркелді. Нәтижесінде 75 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Болат Тұрмағанбет, Павлодар облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

5 айда 26 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 17 айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілік қайталанғаннан кейін 4 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тауараларды айырбастау және қайтару талаптарын орындамаған үшін 1 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, 4 тексеріс тоқтатылып, айыппұл сомасы 910 мың тг құрады. 5 айдың ішінде 19 сот процессіне қатысты. 25,5 қаражат өндірілді. Жұмыстың тиімділігін көрсетеді. 

Мамандар азаматтарға сатып алған тауар немесе қызметке қатысты чек, түбіртек және өзге де құжаттарды сақтауға кеңес береді. Егер құқық бұзушылық орын алса, алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге жазбаша түрде талап қою қажет. Ал мәселе шешілмеген жағдайда уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге болады.


Сабина Жолдаспаева