Футбол жанкүйерлері асыға күткен басты спорттық доданың басталуына санаулы сағаттар қалды. Әлем чемпионаты миллиондаған көрерменді көгілдір экран алдына жинайтын айтулы оқиға. Павлодарлықтар да бұл бәсекеге бейжай қарамайды. Бірі сүйікті құрамасына сенім артса, енді бірі тартысты ойындарды күтуде. 



Биылғы әлем чемпионаты бірнеше жаңашылдығымен ерекшеленбек. Турнирге алғаш рет 48 құрама қатысады. Командалар 12 топқа бөлініп, әрқайсысы жолдама үшін бақ сынайды. Топтағы үздік екі команда және үшінші орын алған құрамалардың арасындағы ең мықты сегіз команда плей-офф кезеңіне өтеді.

Жанкүйерлер арасында өзге командаларға қолдау білдіретіндер де аз емес. Әлем чемпионаты бір айдан астам уақытқа созылады. Осы аралықта жанкүйерлер ондаған қызықты матчтың куәсі болады. Ал павлодарлықтар өз фавориттерін таңдап үлгерген.


Сабина Жолдаспаева