«Ертіс толқыны» жобасы аясындағы шаралар кезегі бұл жолы Павлодар ауданына бұйырды. Орталық жағалауда бас қосқан жұртшылық «Заңды talk» шарасында құқықтық сауаттылығын арттырып, «Заң мен тәртіп» қағидаты төңірегінде өзара ой бөлісті. 


Ертіс толқыны» жобасы аясында Павлодар ауданы орталық жағалауда арнайы бағдарламасын ұсынды. Мұнда жиналғандар пайдалы құқықтық кеңестер алып, шығармашылық алаңдарда жаңа дағдыларды меңгерді.

Зәуір Совет, Павлодар ауданы «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры

«Жастардың бос уақытын қамту үшін бізде осы жерде 3-4 алаң жұмыс жасайды. Олар – сурет салу мастер-класы өтеді және де ағашта сурет салу бойынша, сонымен қатар біздің Павлодар ауданының жас таланттары өз қолөнерлерін көрсететін болады выставка және де әрбір үйренемін деген жандар жақындап, сол мастер-класс арқылы өздері осындай бұйымдар жасауды үйрене алады. Жастарға осы жерде прокуратура қызметкерлері, полиция бөлімі консультация береді. Сонымен қатар, жастарға арналған бағдарламалар бойынша, Павлодар ауданының мансап орталығы кеңестер беретін болады.» 

Жоба аясында қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге ерекше мән берілді. Ұйымдастырушылар «Заңды talk» шарасы барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кеңестер ұсынды. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары арасында сауалнама жүргізіліп, олар «Заң мен тәртіп сіз үшін нені білдіреді?» деген сұраққа жауап берді.

Дінмұхамед Съездұлы, Павлодар ауданының тұрғыны

«Мен үшін «Заң мен тәртіп» – қауіпсіздігіміз бен еркіндігіміздің кепілдігі деп есептеймін. Заң бар жерде тәртіп болады. Егер біз Ата заңымызды сақтап, сол заңмен жүретін болсақ, дамыған, өркениетті елдердің алдында боламыз деп есептеймін.» 

Жиналған жұртшылық үшін Павлодар ауданының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.

Бүгін, яғни 11 маусым күні орталық жағалауда спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жиналғандар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан бақ сынай алады. Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс толқыны» жобасының бекітілген кестесіне сәйкес, биыл әр сейсенбі және сәрсенбі күндері аймақтағы қалалар мен аудандар жастарға арналған екі күндік мәдени-сауықтық бағдарламаларын ұсынады. 


Жұлдыз Қабылденова