«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жасалған жұмыстар нәтижесін беру керек. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңесте айтылды. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы ашық болуы керек. Әсіресе қазіргі ақпараттық алаңда. 


Кеңестің күнтәртібінде екі сұрақ қаралды. Алдымен, Тереңкөл ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан профилактикалық жұмыстар баяндалды. Ауданда 100 ден аса мемлекеттік қызметкер болса, оның 15 пайызы түрлі себептермен жауапкершілікке тартылыпты. 

Бұл ретте кеңес мүшелері қолға алынып жатқан шаралар нәтижесін беру керектігін айтты. Әсіресе аудан тұрғындары мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ашық бақылап, баға бере алуы керек.      

Кеңестің кезекті сұрағы облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жұмысы бойынша болды. Басқармамен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 2000 мыңға жуық іс шара жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тағайындалды. Бұл жолы Тыныштық Жүсіпов, Нұргүл Қайырденова кеңес мүшелері атанды.  


Самал Қалиқызы