Жаз басталса өңірде балалардың терезеден құлау фактілері көбейеді. Кезекті қайғылы жағдай Ақсу қаласында тіркелді. Онда 3 жастағы бала 3 қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды.  



Ақсу қаласында 3 қабаттан құлаған 2023 жылғы бала бірден Павлодар облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, операция кезінде ол қайтыс болды. Соңғы 5 жылда облыста 60-қа жуық бала биіктіктен құлаған. 2025 жылы өңірде 17 бала терезеден құлап, оның 4-еуі көз жұмды. Биыл жаз басталмай жатып, үш жағдай тіркелді. Оның бірі Екібастұзда, екіншісі Павлодарда болды. Соңғы Ақсуда тіркелген жағдай қайғылы аяқталды. 


Самал Қалиқызы