Железин ауданында Теміршот Нүкеновтың рухына арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы республикалық 12-ші  дзюдо жарысы өтті. Оған еліміздің 13 аймағынан жеткіншектер қатысты. 
 
Турнир елімізге  еңбек сіңірген  ұстаз  Теміршот Нүкеновты еске алуға арналды.  Жерлесіміздің бастамасымен 1968 жылы Железин ауданы Захаровка ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына арнап Даңқ ескерткіші ашылды. Ал екі жылдан кейін оның тікелей қатысуымен осы ауылда орта мектеп салынды.
Қайрат Нүкенов, Теміршот Нүкеновтың ұлы :
Әкем спортты қатты жақсы көретін. Ол ұзақ уақыт Захаровка  8 жылдық мектебінің директоры болды. Өсіп келе жатқан жастар неғұрлым мықты, болып, салауатты өмір салтын насихаттау үшін барынша қолдады. Дзюдо- адал спорт түрі. 
Республикалық турнирге еліміздің 13 өңірінен спортшылар қатысты. 150-ге жуық жасөспірім  жарыс чемпионы атағына таласты. Олардың салмақ категориясы 52-ден 81 келі дәрежесінде болды.  Бұл турнир Железин жерінде дәстүрлі түрде 12 рет өткізіліп отыр. Жеңіске жету үшін көптеген дзюдошылар бір жыл бойы  жаттыққан.
Айгүл  Мұсабекова, «Батыр» дзюдо мектебінің бас бапкері:
Турнирде  1, 2 және 3 орын алған балалар спорт шеберлігіне үміткер дәрежесін, нормативін орындайды. Біз әр жекпе жекті қызықты, тартысты өткізуге тырысамыз.
Физикалық жаттығулар – дзюдо  бойынша шеберліктің шыңына көтерілудің бір құралы. Онсыз дзюдодан жарыста жеңіске жету мүмкін емес. Спорттық додаға Арқалық қаласынан Бейбарыс Қыдырәлі келді. Ол дзюдомен 2014 жылдан бері айналысады.
 Бейбарыс Қыдырәлі, турнир қатысушысы(Арқалық қаласы):
Мен қазақша күрестен чемпион Қазақстанамын. Республиканский турнирлардан 1,2 орындар алып жүрген. Турнир жақсы деңгейде өтіп жатыр. Әрбір қаладан келдік. Қобалжу бар.
Күшіне сеніп, жылдам болу жеткіліксіз. Үнемі ізденіс үстінде болып, шынығып, жаттығу қажет. Дзюдо күресі бұл қағиданы талап етеді. 
 
Әйгерім Тоқпанқызы