Успен ауданына соңғы бес жылда 250 қандас көшіп келген. Осылайша атамекеніне қоныс аударған 60 отбасы аталмыш ауданда тіршілік етіп жатыр. Аудан басшылары қандастарды әр түрлі сала бойынша қолдау шараларын жалғастыруда. 
 
Кенжебек Нақысбек Успен ауданы Белоусовка ауылының тұрғыны. 2019-жылы ҚХР Іле аймағынан Павлодар облысына көшіп келген. 2020-жылдан бастап осы Белоусовка ауылына көшіп келген қандас отбасылар бірігіп, шаруа қожалығын ашып, тіршіліктерін бастаған. 
Кенжебек Нақысбек, Успен ауданының тұрғыны:
Биыл мына Ертіс жағасынан шөп беріп Успен ауданының осы жерде жері бар екен. Мына жерді руломдағынымыз 500 рулом болды. Енді мыңнан артық руломдаймыз ба деп тұрмыз құдай жеткізсе.
Шаруалардың айтуынша биыл  қуаңшылық болып, шөптің түсімі азайып кеткен. Сондықтан, Павлодар ауданындағы Успен ауданына тиесілі 200 гектар жерді шауып алуға мүмкіндік алған. Алдағы 10 күнде осындағы жұмыстарды аяқтауды жоспарлауда.
Ыдырыс Ілиясұлы, Успен ауданының тұрғыны:
Жылдам руломдау үшін мына шөпке байланысты ғой. Қалың болса көп түседі. Кейде жүрмей қалады. Бар енді сондай-сондай. 
Успен ауданында жалпы мал шаруашыдығына арналған 124 мың гектар шабындық алқабы бар. Ол жерлерден жалпы 120 мың тонна шөп шабу жоспарланған. 
Айдос Жақып, Успен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а.:
Қазіргі таңда аудан бойынша 85 пайыз шөп дайындалды. Яғни, 102 мың тонна. 200 гектар жер алқабы берілген болатын.
Комсиия шемімімен бұл жер Белоусовка ауылында құрылған қандастырдың шаруа қожалығына маусым айында берілген екен. Қазіргі уақытта қандастар трактор және өзге де өажетті техникаларды сатып алып, шаруадарын кеңейті үстінде.
 
Жанасыл Серікбол