Облыс әкімі Майқайыңда жүзеге асып жатқан жобалармен танысты
Аймақ басшысының бастамасымен соңғы уақытта Баянауыл ауданында бірқатар маңызды жобалар қолға алынып отыр. Мәселен, Майқайың кегтінде үш қабатты үй салынып, өнер мектебі бой көтеруде. Бұдан бөлек, қысқы уақытта тұрғындарды жылумен қамтып отрыған жалғыз қазандық келер жылы жаңғыртудан өтетін болды.
«Майқайың Алтын» кәсіпорнының қазандықтары 1979 жылдары орнатылды. Бастапқыда ол кәсіпорын үшін салынған, кейін екі қазандық орнатып кенттің барлық жылумен қамтыла бастады. Қазандық 145 мың шаршы аумақты жылытады. Оның ішінде 49 пайызды кәсіпорындар, 51 пайызы тұтынушылар мен заңды тұлғалар тұтынады. Келесі жылы елдімекендегі жалғыз қазандық жаңартылады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Майқайыңда 10 жылдан бері бұл сұрақ көтеріліп келеді. Шешімі тез табылма қоймайды. Кент жылдан жылға ұлғайып келеді. Сондықтан жылуды өндіру қуаттылығын арттыру сұрағы да туындады. Сол себепті «Майқайың Алтын» акционерлерімен келісіп, қазандықтар бойынша сұрақтарды өздері мойнына алатынын, ал біз желілерді ауыстыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бойынша сұрақтарды шешеміз деп келістік.
Жалпы, 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған қазандық жылдан біртіндеп жөнделіп отырады. Биыл да 40 млн теңге қаражатқа біраз жұмыстар жасалыпты.
Ренат Шаихов, орталық қазандықтың учаске бастығы
Биыл жазғы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілді. қазандықтардың жағу торлары түгенделді, қазандық қапталды, құбыр желілерінің бөліктері ауыстырылды. Сонымен қатар, желдеткіш те жөнделді. Сорғы агрегаты қалыпқа келтірілді. Оның бәріне 40 млн теңгедей жұмсалды. Алдағы жылы қазандықты толығымен жаңғырту жоспарланып отыр, қосымша жылытатын екі қазан орнату жоспарланып отыр. Бұл қуаттылықты арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғырту жұмыстарынан кейін 35 гигокалорий көлемінде жылу өндіріледі.
Ал, бұл Майқайыңда бой көтеріп жатқан өнер мектебі. Ескісі апаттық жағдайда деп танылып, жаңасын салу жоспарланған. Ғимараттың құрылысы 1 маусымда басталды, жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс. Аумағы 749 шаршы метрді құрайды.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Бүгінгі күні Майқайың кентінде 1423 бала бар. Оның ішінде 250 бала, өнер мектбімен қамтылған. Қазір 9 бөлім жұмыс істейді, , қосымша 7 бөлім ашылады. Жалпы 16 бөлім болады. 20 мың мұғалім болатын, 7 мұғалім алынады. 14 тұрақты жұмыс орны ашылады. Білім басқармасының балансында болады.
Өнер мектебінің аумағы абаттандырылып, көліктерге тұрақ та қарастырылады. Жоба құны 2 млрд 300 млн теңгені құрайды. Оның 30 млн теңгесі сахналық киімге кетеді екен. Бұл ретте аймақ басшысы жоба нәтижелі болса, аудан орталықтарында салуды тапсырды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бұл негізі жақсы тәжірибе болып шығатын болса. Болашақта аудан орталықтарына қарастыру керек. бәрі ескі ғимараттар. Ескінің аты ескі. Үлкен аудан орталықтары бар ғой, Ертіс ауданы, Тереңкөл ауданы орталығы. Баянауылдың өз басы бар.
Сондай-ақ, облыс әкімі Майқайың кентінде салынып жатқан үш қабатты үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 36 пәтерлі баспана кезекте тұрғандарға табысталатын болады. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Майқайыңда кәріз желілерін ауыстырылады. Қазір жобалық құжаттама сараптамадан өтті. Аймақ басшысы облыстан, республикадан қаражат тартып жобаны аяғына дейін жеткізуді тапсырды.
Самал Қалиқызы