Павлодарда тазалық айлығы басталды
Павлодар облысында тазалық айлығы басталды. Акция аясында тұрғындар қоршаған ортаны қоқыстан арылтып, экологиялық сананың қалыптасуына үлес қосады. Айлық басталған алғашқы күні тұрғындар Усолка жағалауында сенбілік өткізді.
Усолка жағалауы қала тұрғындары мен қонақтарының көп келетін демалыс орындарының бірі. Тиісінше қоқыс та көп жиналады. Сенбілікке облыс орталығындағы бірқатар мекеме өкілдері қатысты.
Тазақ Қазақстан - адамдардың қоршаған ортаға құрметін арттырып, жауапкершілігін сезіндурге бағытталған ауқымды идея. Бүгінде бұл бастма аясында әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылуда. Облыста бастау алған тазалық айлығы да осы бастама аясындағы ауқымды шаралардың бірі.
12 қыркұйекте басталған айлық. 12 қазанға дейін жалғасады. Барлық обылс аумағын, ұжым-мекемелерді қамтиды.