Негізгі Жаңалықтар Сәбилер еңбектеуден жарысқа түсті

Сәбилер еңбектеуден жарысқа түсті

Кім жүйрік? Отбасы күніне орай «Baby Start 2026» сайысы өтті. Жарыста облысымыздың барлық қала, ауданынан келген сәбилердің жылдамдығы сарапқа салынды. Толығырақ – алдағы сюжетте.


Кішкентай бөбектер арасында еңбектеуден жарыс жастар бастамаларын дамыту орталығында жылда өтеді. Биыл да жалғасын тапқан іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.

Чемпионат үш кезеңнен құралды. Алдымен бөбектер еңбектеуден сайысқа түсті. Келесі кезеңде аналар себетке доп тастап, әкелер жөргек ауыстырудан жарысты. Кейін ата-аналар төрт аяқтап жүгіруден сайысты. Атап өту керек, бәсеке қатысушылары – тек жас отбасылар. Бұл додаға өңірдің әр түкпіріне қатысушылар жиналды. Мәселен, Жүзім мен Мақсат Абдинбаевтар Аққулы ауданынан арнайы келіпті. Отау құрғандарына жиырма жыл толған ерлі-зайыпты қазір үш бала тәрбиелеп отыр, сайысқа кенже қыздарымен қатысты.

Ал Темірлан мен Мадинаның шаңырақ көтергендеріне екі жыл болған. Олар бұл бәсекеге он айлық тұңғышымен келді. 

Қайырбай Отбасы, жарыс қатысушылары

Сайыстың өтетіні туралы инстаграм арқылы білдік. Отбасы күні болғандықтан, қатысып көргіміз келді. Дайындығымыз жақсы, баламыздың тезірек еңбектеуі үшін ойыншықтармен шақырдық. Тек бірінші орын алуға ниеттіміз. Меніңше, мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Біріншіден, бұл – отбасымен бірге уақыт өткізудің керемет мүмкіндігі. Екіншіден, уақыт көңілді әрі қызықты өтеді. Өте жақсы бастама. Ең қиын кезең балаға жөргек кигізу сияқты. Өйткені баламыз қарсылық танытып, кигізгізбейді.

Ұйымдастырушылар ешбір қатысушыны назардан тыс қалдырмады. Іс-шара чемпионат форматында тартысты өткенімен, жарыс соңында барлық қатысушыға арнайы сыйлықтар табысталды. 


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу