Аймақ басшысы Баянауылға барды
Баянауыл ауданында келер жылы 2,3 млрд теңгені құрайтын жаңа саябақ құрылысы басталады. 500 түп ағаш отырғызылып, адамдар келіп, демалатын аумақ болмақ. Облыс әкімі Асайын Байханов Баянауылға жұмыс сапары барысында тқрғындар үшін жасалып жатқан бірқатар жобамен танысты.
Баянауыл ауданында 800-ге жуық адам баспанаға кезегінде тұр. Осы азаматтар үшін ауданда бірнеше үй салынып жатыр, солардың бірі аудан орталығында бой көтеруде. 57 пәтерлік үйдің құны 1 млрд теңгені құрайды. Аймақ басшысы құрылыс нысанына бара салысымен, сәулеттік тұрғыдан осал тұстар барын бірден айтты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Парапеттің бәрі қоңыр болып, неге терезелерді ақ істедіңіздер. Айырмашылығы бағасы бірдей ғой. Сәулеттік жетпейді бізге. Соның бәрін кішкене жасау керек еді. Жаңа үй салғаннан кейін көркін бәрін қарау керек.
Сонымен қатар, жоғарыдан келген су ертең тұрғындарды әбіргерге салады деді.
Баспана демекші. Соңғы уақытта кезекте тұрғандарға үй беру мәселесі қиындаған. Бұл қай аудан, қала алса да өзекті болып тұр, деді әкім.
Келесі кезекте облыс әкіміне 2026 жылғы туристік маусымның қалай қорытындыланғаны жайлы ақпарат ұсынылды. Маусым басталғаны 357 мың адам Баянауылға келіп демалған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Облыс әкімі мұны жасалған инфрақұрылыммен байланыстырып отыр. Себебі Жасыбай көлі абаттандырылғалы келушігер қарасы да қалың бола түскендей. Ендігі кезекте облыстағы басқа да көлдердің аумағы осылай қалыпқа келтірілмек.
Облыс аумағында бұл бағытта жалпы сомасы 33 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Олардың біразы келесі жалы қолданысқа беріледі.
Торайғыр көлін абаттандыру жұмыстарын Жасыбай көлі негізінде алып, бірақ дайындықты сәл ертерек бастау ұсынылды.
Сонымен қатар, өңір басшысына Баянауыл ауданында жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды. Солардың бірі аудан орталығында болатын жаңа саябақ. Құны 2,3 млр теңге.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Бұл үлкен парк. Бұл жерде фудкорт, машиналарға арналған тұрақ болады. Балалар алаңы болады. Амфитетар болады. 500 ден астам ағаш отырғызылады. Келетін суда не істейміз. Суды оснымен аламыз деді.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Жасыбайдағы абаттандыру жұмыстарымен, оның ішінде полицейлік, медициналық пункттерді аралап, өрт сөндіру бекетіне де соқты.
Самал Қалиқызы