Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев келді. Ол облыс орталығындағы  педагогикалық университетке барып, жатақханалар мен оқу корпустарын аралады. 

Алдымен, вице-министр оқу корпустарына ат басын тіреді. Мындағы студенттер қауымына жасалып жатқан жағдаймен танысты. Жақында ғана институтта Рафиқа Нұртазина атындағы кабинет пен Абай академиясы ашылған. 
Елімізде жаңа оқу жылы басталғалы студенттер жатақханасымен мәселе өткір боп тұр. Осы ретте  вице-министр  әлбетте университеттің жатақханасына да соқты. Бөлмелерді аралап студенттерді тілге тартты. 
Биыл Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 60 жылдығын тойлайды. Жылдар өткенмен университеттің маңыздылығы мен  қажеттілігі әлі де   жоғары. Осы уақыт ішінде 45 мың педагог білім алып шықты. 
Қуаныш Ерғалиев, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Кешегін күні болған Президенттің Жолдауында айтқан ой пікірлері, оларды Қазақстанды өзгертіге бағытталған тапсырмаларды біздің рөліміз жоғары деп ойлаймын.   Осы бағытта бізге Президентіміз сеніп отыр деп ойлаймын. 
Жоғары оқу орнының педагогтары вице-министрмен кездесу барысында көкейде жүрген сауалдарын қойды.  
 
Самал Қалиқызы