«Аманат» партиясының депутаттары денсаулық сақтау саласының мамандарымен халыққа сапалы, толыққанды медициналық қызмет көрсету үшін жол картасын әзірледі. Өңірде келер жылы 30 жаңа мекеме бой көтермек. 
 
Халық қалауларымен әзірленген жол картасы тұжырымдамасына сәйкес «Аманат» партиясы халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру,  тұрғындарға скринингтік тексеріс ұйымдастыру, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады.  Жыл бойы қоғамдық кеңес мүшелері ауыл ауданды аралап, тексеру жүргізді. 
Салтанат Төлегенова,  қоғамдық кеңес мүшесі:
Мысалы, Екібастұз қаласының барлық денсаулық сақтау нысанын араладық. Сондай ақ,  Павлодар қаласындағы емханаларды  тексердік. Комиссия мүшелері  жергілікті жерлерде скринингтер өткізу. Геронтология қызметін ашып, тұрғындар арасында жұмыс жүргізу қажет.  
Шалғайда орналасқан ауыл аймақтарда медициналық нысандарды салу жұмыстары қолға алынды.  Келер жылы 30 денсаулық сақтау мекемесі салынады. 2 амбулаторлық, 5 фельдшерлік амбулаторлык пунктер мен 23 медициналық пунктер бой көтереді. Кеңес мүшелері денсаулық саласында олқылықтар барын жасырмайды. 
Салтанат Төлегенова,  қоғамдық кеңес мүшесі:
Әрине, кемшіліктер бар. Біз қоғамдық кеңестің көмегімен бұл мәселелерді  анықтаймыз. Сұрақтарды шешу жолдарын кеңес барысында талқылаймыз. Біз халқымыздың игілігі үшін жұмыс істегіміз келеді. Егер қажет болса, министрлікке хат жолдап, шешу жолдарын іздейміз.
Ұлт денсаулығы баға жетпес байлық. Мемлекеттің күші. Әрбір азамат сапалы және қолжетімді медицина қызметімен қамтылуы тиіс. Онымен қоса, білімді кадрлық резерв қажет. Аймақ бойынша 160 тан аса терапевт, жалпы практика дәрігері жетіспейді.  
 
Әйгерім Тоқпанқызы