Променад алаңында оныншы өңірлік туристік көрме ұйымдастырылды. Онда стендтер орнатылып, қонақтарға естелік сыйлықтар таратылды. Жалпы шара бірнеше күндік бағдарламадан тұрады.
«Ертіс Баян» туристік көрмесі дәстүрге айналған шара. Онда өңірдің барлық қала аудандары, әсіресе Баянауыл ұлттық паркі, «Ертіс орманы» табиғи резерваты, облыстық мұражайлар мен туристік ұйымдар бой көрсетті. Негізгі мақсат әлбетте ішкі туризмді дамыту, қызығушылықты арттыру.
Қуат Кәрімов, Екібастұз қаласының тұрғыны:
Бұл енді қазақтың құмай тазысы. Жеңіл тазылар. Қазақ атам айтпақшы тазылар кезінде бір ауыл асыраған. Осылай құмай тазы жүгіртіп, бүркіт қондырып жүрген жағдайымыз бар.
Айымбек Амантай, Баянауыл ұлттық паркінің қызметкері:
Баянауылдың ұлттық паркінен келген бүркітшімі. Қолынан істелген бұйымдар бар, қылыштар, пышақтар, картинкалар бәрі бар. Атқа отыратын арнайы құралдарымыз бар.
Туристік бағдарламаға орай ақпараттық стендтер орнатылды, қонақтарға естелік сыйлықтар мен жарнамалық өнімдер таратылды. Жалпы бірнеше күнге жалғасатын шарада қолөнершілер жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама, қайықтар парады ұйымдастырылмақ.
Салтанат Нұрмағамбетова, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
Бүгін 22 стенд қабырға орнатылды. Барлық аудан, қалалар өздерінің туристік әлеуетін көрсетіп жатыр. Қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Бүгін барлық шара көрсетіледі. Ертең Елордада келген қонақтарымызға Баянауыл ұлттық паркі бойынша ақпараттық тур жасаймыз.
Айта кетейік, 10-ыншы өңірлік туристік көрмеге еліміздің әр аймағынан қонақтар келіп тамашалай алады. Биыл бұл шара жаңа «Ертіс Баян» брендімен, логотипімен өтіп жатыр.
Самал Қалиқызы