Павлодар обысында егін жинау науқаны қызды. Өңірдегі барлық шаруашылық орақтарын сайлап іске кіріскен. Аймақ басшысы облыстың үш ауданында  болып, егіс алқабында шаруалармен тілдесті. Әбілқайыр Сқақов егінді дер кезінде, шашау шығармай жинап алуды, егістік алқабының қауіпсіздігін жіті қадағауды тапсырды. Ал, шаруалар өздерін толғандырып отырған мәселелерге тоқталды. 
 
Шаруалардың егінге орақ сала бастағынан бірнеше апта болды. Биыл егісі алқабы былтырғыдан көп. 1 млн, 300 мың гектар шамасында. 
Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Астық дақылдары бойынша жиналған алқап 62 пайызды құрайды. Жеміс-көкөністер бойынаш 50 пайыз жиналды. 300  центнерді құрап отыр.
Облыс әкімі астық және көкеніс қоймаларын салуға ауқымды инвестиция құйылып жатқанын айтты. Сондықтан нарықты өзіміздің ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету маңызды. 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Картоптың әртір төртінші тоннасы Павлодар ауданында өсіріледі. Әр үшінші тоннасы сіздердің аудандарыңызда сақталады. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Аймақ басшысы ең алдымен Павлодар ауданындағы шаруалармен тілдесіп, бірқатар мәселер төңірегінде пікір алмасты. 
Геннадий Андрейцев, ШҚ басшысы:
Жиын-терім өз ретімен жүріп жатыр. Қазір мәселе жоқ. Жаңбыр жоқ, күз құрғақ тұр. Жолымыщ болды. Қазір бәрін қоймаларға тасып жатырмыз.
Чернояр ауылдық округінің шаруа қожалығы қазірдің өзінде пияз бен қырыққабаттың келісін 80 теңгеден сатып жатыр. Негізгі сауда нүктелері – Екібастұз және Павлодар қалалары. Сол ауылдағы «Қабылдиновтар» шаруа қожағы биыл қырыққабаттан бөлек брокколи де өсіре бастаған. Шаруалар тәжірибе сәтті өтті деп есептейді, нәтижеге декөңілдері толады.
Тереңкөл ауданында аймақ басшысы көшет өсіретін алқапта болып, орман шаруашылығы қызметкерлерімен әңгімелесті. Олар өз кезегінде алдағы 5 жылға қойып отырған жоспарларымен бөлісті.  89 мыңнан 95 мың гектарға дейінгі алқапта 2 миллион қарағай көшеттерін отырғызу жоспарланған. Әбілқайыр Сқақов әрбір көшетті цифрландыруды тапсырды, бұл орман қорын бақылауды жеңілдетеді.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Тиімділік болмайды. Барлығын цифрландыру керек. Мұны қалай жасау керектігін ойлану керек. Тұрғындармен түсіндірме әңгіме жүргізу керек. Тұрғындардың барлығы жағдайдан хабардар болуы керек.
Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маңызды. Өйткені, ауыл тұрғындары жас көшеттерді кесіп, қазып жатыр деген шағым көп. Ал көшеттер жақсы тамыр алуы үшін суару әдісін дұрыс таңдау қажет, деді аймақ басшысы.        
Сонымен қатар облыс әкімі Желеин ауданында да болды. «Самұрық» шаруа қожалығы биыл 40 тонна картоп жнауды жоспарлап отыр. 
Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі:
Былтырғы деңгей ол, мүмкін тағы әрмен қарай өсуі мүмкін. Сәбіз бар. Пияз отырғыздық. Олар әлі бастаған жоқ. Ауа райы осылай болып тұрса 10 күнде астық жина аяқтаймыз. Жалпы өнім былтыр 180 тоннадай болған. Биыл да солай болады деп отырмыз.
Железин ауданында жергілікті өндірістегі түрік картоптары жақын арада жергілікті нарыққа шығуы мүмкін, оның өнімділігі бұрынғы сорттардан жоғары болып шықты. Аймақ басшысы барлық облыс диқандарын алаңдатып отырған тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесін шешуге уәде бергенімен, бұл республикалық ауқымдағы мәселе екенін де атап өтті.
 
Жанасыл Серікбол