Павлодарда алғаш рет жүйрік иттердің ішінде ең үздігі анықталды. Ит жарысына республиканың түкпір-түкпірінен және көршілес Омбы облысынан барлығы 46 жануар қатысқан.
«Алтын старт» байқауы ит баптаушылардың басын қосты. Қазақ тазысы мен ағылшын грейнхауды мен орыс хортесі өздерінің ұшқырлықтарын сынады. Жарысқа қатысушы иттердің гендік тазалығы да жіті қадағаланыпты.
Данара Сейітханова, «Альянс» клубының төрағасы:
Шараға Алматы қаласынан арнайы қонақтар қатысып отыр. Олар генетика институтының мамандары. Жарысқа қатысатын иттердің қан тазалығын қадағлайды.
Үздіктер әр түрлі қашытықтағы жарыстар барсында анықыталды. Қашықтықтар ит тұқмының ерекшлегіне байланысты белгіленгенді. Ересек тазылар 1 шақырымыға, кішілері 700 метрге жүгірді. Ал, өзге екі тұқым 500 және 300 метр қашықтықтары бойынша сынға түсті.
Еркебұлан Алтаев, тазы баптаушы:
Бәлен жыл болды. Тазыфлардың саны азайып бара жатыр еді. Жігіттерге сәттілік тілеймін.
Жарысқа қатысушы иттер механикалық қоянды жылдам аулауға тырысты.
Мұхтар Шәлімжан, тазы баптаушы:
Бұл қазақтың құмай тазысы. Бір жарым жасар. Тазының санйын көбейтіп, аңға шығып, сомен айналысамыз.
Жеңімпаздар медальдар мен кубогтар, демеушілер тағайындаған қаржылай сыйлыфқтар табысталды.
Жанасыл Серікбол