Павлодар облысындағы 13 ауылда ұялы байланыс жоқ. 2022 жылдың соңына дейін Ақтоғай ауданының Разумовка, Аққулы ауданына қарасты Қазантай ауылында байланыс және интернет желісі іске қосылады. Жалпы халық саны 1283 адамды құрайтын 11 елдімекен байланыссыз қалып отыр. Өйткені операторлар халық санының аздығына байланысты  жүйені енгізуге дайын емес. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұған қарамастан мәселені шешуді тапсырды. 

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Дегенмен бұл біздің облысымыздың тұрғындары. Коммерциялық тұрғыда тиімді емес болып тұрғаны түсінікті. Сондықтан мәселені жан-жақты қарастырып, бір шешімге келу керек. Мүмкін керек қаржының жартысын жергілікті бюджеттен бөлу керек? Жүйелі түрде қарастыру керек. Баянауыл ауданына қарасты Қаратұмар және Белағаш ауылдарына байланыс орнату үшін билайн операторынан ұсыныс түсті. Қалай мәселе шешіліп жатыр? 
Серік Батырғожинов, Баянауыл ауданының әкімі:
Бұған аудандық бюджеттен 9-10 млн теңге қаражат керек болады. Негізі қаржы бөлуге мүмкіндік бар. 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Жақсы онда бар болса, бөлу керек қаражатты. Осы мәселені шешу керек. Қарастыру керек. 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Акимы двух названных районов Аққулы и Иртышск выходили ли к вам на связь?
Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:
Жылдың басында картельдің басшысына тікелей бардым. Өкінішке қарай олар жылдың аяғына дейін Жабағылы ауылын қосқан жоқ. Бірақ та мен тікелей Алматыға байланысқа шығып, жылдың аяғына дейін қоямыз деп уәделерін берді. Біз Ертіс орманы вышкасымен келісімшартқа отырдық. Келесі жылы Шоқталға да ұялы байланыс орнату тізіміне кіргізілді. 
Болатбек Шәріпов, Ертіс ауданының әкімі:
2023 жылы антенна орнатамыз Қызылқақ ауылына.