Негізгі Жаңалықтар Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

Павлодар қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді. Оған нысан қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің құтқарушылар қатысты.  

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, супермаркет аумағында өртт шығады. Сауда орталығының әкімшілігі өрт туралы хабар алғаннан кейін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттерге көшті. Алғашқы шараларды ұйымдастырып, сауда үйіне келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады.

Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, шартты өрттің таралу бағыттарын анықтады. Нысан әкімшілігімен өзара іс-қимылды пысықтап, қауіпті аймақта қалған адамдарды іздеу және құтқару жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде шартты түрдегі зардап шеккендер анықталып, құтқарылды. Эвакуацияланған азаматтардың барлығы ғимараттан қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Рүстем Молдажанов, өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі

Бұл нысанның таңдалуы бекер емес. Бұл — адамдар көп жиналатын, қауіп деңгейі жоғары нысандардың бірі. Сценарий бойынша өрт шықты. Өрт ошағы сөндірілді. Зардап шеккен адам құтқарылып, медициналық-құтқару тобына тапсырылды. Оқу-жаттығу негізгі мақсатына қол жеткізді. 

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде нысан қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылға дайындығын тексеруге, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтауға, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау және құтқару дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.


Бөлісу