Негізгі Жаңалықтар Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшылар марапатталды

Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшылар марапатталды

Алтыншы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған павлодарлық спортшыларды спортшылар облыс әкімі марапаттады. Аймақ басшысы әлемге танылған спорт мерекесінде жарыс көркін қыздырған жерлестеріміздің еңбегін жоғары бағалады. 



«Дала олимпиадасы» деп аталатын дүбірлі додаға 109 ұлттық құрамадан 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Бұл нәтижеге павлодарлық спортшылар да зор үлес қосты. 

Облыс әкімі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан жүлдеге ие болған Қуаныш Қабылдаға және овари ойынынан үздіктер қатарынан көрінген Ардақ Қанапашевке Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ мықты сәйгүліктерді дайындаған ат иесі Иемберген Қуантаев та марапатталды. Тоғызқұмалақтан жеке және командалық есепте алтын медаль жеңіп алған, Ертіс ауданының тумасы Ерасыл Ауталиповқа, сондай-ақ қола жүлдегерлер Қуаныш Қабылдаға, Ардақ Қанапашевке және Ернұр Мерешевке Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Спортшыларды даярлауға қосқан үлесі үшін жаттықтырушылар Арыстан Қапаев, Жомарт Рахымбердиев, Эдуард Ахмолдин, Қанат Долотбаков, Халибек Хуан және Серік Ақтаев марапатталды.

Қалибек Қуан, асық атудан жаттықтырушы

Бүкіл әлемге біздің мықты, ақылды, мерген екендігімізді дәлелдедік. Осы қолдау бізге рух береді. Күш береді. Осының арқасында біз тағы еселеп еңбек етіміз. Көп рахмет! !рқашан асығымыз алшысыған түссін.

Жоғары спорттық нәтижелері үшін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларына ақшалай сертификаттар да табысталды.




Бөлісу