Негізгі Жаңалықтар Ойынға емес өмірге құмар бол! 

Ойынға емес өмірге құмар бол! 

Лудомания! Талай жастың болашаған ұрлап, көптеген азаматтың өмірін күйреткен дерттің бірі. Бұған қарсы күоесті еш тоқтатуға болмайды. Осыған орай Павлодар қалалық орталық саябағында шара өтті. Акция «Заң мен тәртіп» идеолгиясы аясында ұйымдастырылды. 



Орталық саябаққа 200 ге жуық жас жиналды. Олар құмар ойынына қарсы. Бұл қарсылықтарын қоғамға, замандастарына білдірмек. 

Жастар ел ертеңі деп жиі айтамыз. Ертеңіміз жарқын болуы үшін жастардың жолы ашық болуы керектігі түсінікті. Ол үшін құмар ойыны сияқты кеселдер жолда кесе көлденең тұрмауы қажет. 

Айжан Хасенова, Павлодар облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі

«Заң және тәртіп», сондай-ақ «Адал азамат» идеологемаларын ілгерілету аясында біз бұл іс-шараны әкімдікпен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Бүгінгі іс-шарамыз — ойынға тәуелділіктің және лудоманияның алдын алуға бағытталған спорттық-интерактивті фестиваль. Мысалы, біз жастарға барып, дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл — бір бөлек. Ал осындай іс-шараларды ойын түрінде өткізген кезде, біз жастарға бірден салауатты өмір салтын насихаттау бағытын ұсынамыз.на популяризацию ЗОЖ» 

Шара спорттық форматта өтті. 8 алаң құрылып салауатты өмір насихатталды. Ашық аспан астындағы жарқын іс-шара жастардың көңілінен шығуда. 

Жастардың айтуынша, шара өз мақсатына жетті. Осындай насихаттар арқылы қоғам лудоманияның қаншалықты зиянды екенін терең түсінбек.


Бөлісу