Негізгі Жаңалықтар Павлодарлық спортшылар құрметке бөленді

Павлодарлық спортшылар құрметке бөленді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады. Олардың қатарында павлодарлық спортшылар да бар. 

Бұл Ерасылдың Мемлекет басшысының қолынан алған «Ерең еңбегі үшін» медалі. 22 жастағы павлодарлық спортшы Қырғызстанда өткен 6-шы дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан жеке және командалық есепте жақсы нәтиже көрсетіп, құрметке бөленді. Ел қазынасына алтын медаль алып берді. 

Ерасыл Әутәліпов, VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медаль иегері жеңімпазы 

Жылдың басында іріктеу болды. 1 кезеңді өтіп, бірнеше ай бойы дайындалдым. 2 кезеңді де өтіп, іріктеуге өттім. Алматыда 2 апта бойы дайындалдық. Қырғызстанда 54 ел қатысып, 68 спортшы болды. Жеке және командалық есепте бірінші болдым. 8 ойын өткіздік, әр спортшыға 1 сағаттай берілді. 6-7 турда қырғыздармен ойнадым, және жеңдім. Тоғызқұмалақтан біздің елден ерлер арасында 2 спортшы барды. Қырғызстаннан келген соң Президентпен кездестік. Марапаттау кезінде Президент неше жыл тоғызқұмалаққа барасың деген де сасқалақтап қалдым. Себебі, марапаттау кезінде ол ешкімге сұрақ қоймаған еді. Мен де солай шығып, медалімді алам деп ойладым. 

Ерасыл жақында Румынияда өтетін әлем чемионатына жол жүрмек. Ал, бұл Ардақ Шәріпұлы дәл осы 6-шы дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола жүлдегері. Овари спорт түрінен ел намысын қорғап, үздік үштікке ілікті.

 Ардақ Қанапашев, VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола медаль жүлдегері

Овари деген африка елдерінің танымал ойыны. 61 елден ойыншылар қатысты. Қатысу жағынан қарағанда, әлемде қарқынды дамып жатыр. Тоғызқұмалақпен ұқсастығы бар, солай біз де үйреніп алдық. Қазақстан насымын қорғап, үшінші орынға жеткенімізге қуаныштымыз. 61 елден 70 ке жуық портшы қатысты. Сол жерде топ жарып үшінші орынға ие болдық

Көшпенділер ойындарынде жеңіске жеткен жерлестеріміз, облыс басшысымен де кездесті. Жалпы қазақстандық спортшылар осы ойындарында жалпы 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын жүлде.


Самал Қалиқызы



Бөлісу