Павлодар облысына жұмыс сапарымен Этносаралық қарым-қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шөйкин келді. Алдымен мәртебелі мейман Достық үйінде өңірдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен, қоғам белсенділермен кездесті.
Геосаяси жағдайлардың ушыққан кезінде ел ішінде этносаралық қатынасты нығайтып, сақтап қалу маңызды. 30 жыл бойы жинаған тәжірибеміз мен күшіміз осы бірлікте ғана. Этносаралық қарым-қатынасты дамыту комитетінің төрағасы этномәдени бірлестіктерімен кездесті.
Ғалым Шөйкин, этносаралық қарым-қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:
Біздің мемлекетімздің бүгінгі ұйымдастырып ат қан саясаты, пікірлеріміз қашан да маңызды. Талқылау үшін келіп отырмыз. Сол үшін сіздермен кездесіп жатырмыз. Қуаныштымыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысы филиалының өкілдері әсіресе жастар аталмыш кездесудің маңыздылығы жоғары деп отыр.
Рамиль Смайылов, «Ассамблея жастары» ПОФ төрағасы:
Қазақстан халқы ассамбелясы, этносаралық қатынастар әр уақытта дамып, жаңарып отырады. Осындай кездесулер кезінде біз өзімізге көптеген қажетті дүние, ақпарат аламыз. Бұл ары қарай жұмыс жасауымызға көмектеседі.
Осылайша Қазақстан халқы Ассамблеясына өте ауқымды диалог алаңы ретінде қарауға болады. Ал, аталмыш кездесулер пікір алмасуда, тәжірибе жинауда маңызды.
Самал Қалиқызы