Павлодар облысында жыл басынан бері газ баллондарының жарылуының 3 фактісі тіркеліпті. Жалпы газ баллондары өрт шығу қауіпті ең жоғары құрылғылардың бірі екендігі белгілі. Ал, одан қалай сақтану керек? Төтенше жағдай департаменті өкілдері арнайы рейд жүргізді.  
 
Жеке тұрғын үй секторында газ баллонын пайдалану әдепкі жағдай. Кейде осы тұрмыстық газдан болатын өрт қауіпсіздігін сақтауға салғырт қаратын кездерде болады дейді төтеншеліктер. Оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында арнайы қауіпсіздік акциясы өткізілуде. 
Тілекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:
Акцияның басты мақсаты тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіщдігі ережелерін сақтау. Газды пайдалалану кезіндегі нұсқауларды түсіндірдік.
ТЖД қызметкерлері тұрақты түрде рейд жүргізеді. Бүгін тұрмыстық газды пайдалану бойынша 80-нен астам парақшалар таратылды. Еске салайық, биыл абайсыздық салдарынан Павлодардағы Циолковский көшесінің бойындағы кеңседе сұйытылған отынды төгу кезінде жарылыс болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
 
Жанасыл Серікбол