Павлодар облысының мемлекеттік архивінде миллионнан астам құжат сақталған. Бүгінде ол матриалдар ғылыми айналымға еніп, біртіндеп көпшілікке таныстырылу үстінде. Осы мақсатта облыстық мұрағатта ашық күні ұйымдастырылды.
Биыл – ел бойынша балалар жылы. Осынған орай дәл бүгін Қазақстанның мұрағат мекемелері ашық есік күнін жариялап отыр. Шара аясында оқушылар елдің, халықтың тарихы хатталған архивтің кейбір құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды. Оқушылар алдымен архив мамандарымен кездесіп, өзара сұхбат құрды.
Баян Омарова, облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:
Көрме дайындап қойдық. Осы Павлоджар өңірінің маңызды құжаттары. Фото құжаттар. Оның бюарлығын бүгін айтып бермекшіміз.
Ашық есік күнінің алғашқы қонақтары қалалық номері 11 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушылары болды. Олар жас та болса тарих құжаттардың маңызын түсінетіндіктерін айтады. Әрі көкейлерінде жүрген қызығушылықтарын да осы жерден табудан үмітті.
Жәния Боранбаева, №11 ЖОББМ оқушысы:
Туған өлкем жайлы көбірек білгім келеді. Қызықты тарихи фактілдерді қызығамын. Мектебім туралы сақталған құжаттар болса жақсы болар еді.
Андрей Дорохин, №11 ЖОББМ оқушысы:
Қала көшелерінің тарихына қызығамын. Өзім тұрып жатқан көше жайлы көбірек білгім келеді. Мектебімнің де тарихын білгім келеді.
Павлодар облысының мемлекеттік архиві 1925-жылы құрылған. Қазіргі уақытта миллионнан астам құжат сақталған. Өңіріміздегі тарихи құжаттарға шетел зерттеушілерінің де қызығушылығы мол.
Жанасыл Серікбол