Павлодар қалсының ең үздік оқырманы анықталды. Орталықтандырылған қалалық кітапхана осылайша оқырмандар арасындағы байқау нәтижесін жариялады. Өткен 5 айдың ішінде 100-ге жуық адам ең үздік атану үшін барын салған. 
 
Кітап оқуды насихаттау, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Байқауың алға қойып отырған негізгі мақсаты осы. Осы шараның арқасында қалалық кітапхағаға жазылушылар саны біршамаға артқан. 100-ге тарта оқырман ат салысып. 
Айбек Оралхан, орталықтандырылған қалалық кітапхана басшысы:
Бес айдай уақыт аралығында біздің кітапханамызға келіп жүрген оқырмандарымыз іріктеліп алынды. 13 бқлімшесі белсенді жұмыс атқарды. Ат салысуға үндеді.
Байқау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлініп өткізілді. 15 жасқа дейін және одан жоғары. Осы уақыта аралыында 109 кітапты түгескен оқырман да болыпты. Қазылар алқасы оқыған кітаптың санынап бөлек, тереңі түсіну, мазмұынын айтып беру, кейіпкерлерді сипаттау сияқты талаптар арқылы жеңіәмпаздарды анықытаған. 
Бердібек Жәнібек, №35 ЖОББМ оқушысы:
Жарыс ойдағыдай өтті. Ұнайтын кітабым Менің атым-Қожа деген кітап.
Зере Жәнібек, №35 ЖОББМ оқушысы:
Жарыс маған қатты ұнады. Сонысы әсіресе қатты ұнады. Кітап оқығанда өзімнің ойым дамиды. Сол үшін ұнайды маған қатты.
Байқау жеңімпаздарына демеушілер тағайындаған сыйлықтар табысталды. Оқырмандар мен кітапхана арасын байланыстарытан бұдан да өзге жобалар алдағы уақытта да іске аспақ. 
 
Жанасыл Серікбол