Жыл басынан бері Павлодар облысына көршілес Ресей мемлекетінен 34 этникалық қазақ көшіп келген. Өткен жылдармен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш біршама артқан көрінеді. Жалпы 9 айда өңірге сырт елдерден 400-ден астам азамат қоныс аударған. Олардың көбіне өңірлік квота тағайындалды.
Павлодар облысына 2017 жылдан бастап 13 500 адам көшіп келді. Олардың қатарында 2500 азамат қандас мәртебесін алды. Ал, ішкі көші-қон бойынша өңірге 11 мың адам қоныс аударды.
Альмира Дисюпова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы:
Жалпы еңбек күші артық өңірлерден 3 облыстан өте қарқынды деуге болады. Түркістан, Алматы, жамбыл облысы. Нұрсұлтан, шымкент қаласы. Көбісі ауылдық жерге орналасқан. Павлодар, Ақсу Екібастұзда 26 пайыз адам орналасты. Ауыл халқының саны артты. Мектептердің жабылмауына үлкен әсер етті.
Қоныс аударған азаматтардың ішінде 135 адам жоғары білімді, 127-сі арнайы орта білімді, 134-і кәсіби білімі бар азаматтар. Олардың барлығы ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау саласына тартылды.
Сонымен қатар, сыртқы көші-қон процесі де қарқынды. Жыл басынан бері 434 адам қандас мәртебесіне ие болды. 338 адам өңірлік квотаға енгізілді. Осылайша биылғы жоспар 42 пайызға орындалған.
Альмира Дисюпова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы:
Қандастар бүгінгі күнде Түркіменстан, Өзбекстан, Монголия, Ресей, Қытай, Ауғанстаннан көшіп келіп жатыр. Көбінесе облыс қалларында тұрақтанды. 77 пайызды құрап отыр. Ауылда 20-24 пайыз мекендеді. Еңбекке қабілетті 164 адам. Олардың ішінде 84 аз. Кәсіби білім деңгейлері төмен болғандықтан қиындық тудырып отыр.
Павлодар облысына Түрікменстаннан 113 адам, 23 отбасы көшіп келді. Олардың бәріне қандас статусы берілді. Өңірлік квотаға 11 отбасы, 46 адам ілікті. Олар осылайша Павлодар облысында қалып, тиісті субсидияларын алуда. Ал әлеуметтік желіде көшіп келушілерге «Павлодар облысына көшесіңдер не депортацияға ұшырайсыңдар» талабы қойылды деген ақпаратқа сала басшысы осылай деп жауап берді.
Альмира Дисюпова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда Түркіменстаннан келетін этникалық қазақтарға берілетін визада ерекше белгі болады. Онда тұрақты мекенжай ретінде солтүстік аймақтарға бару керек делінген. Себебі қандастар квотасы солтүстік өңірлерге ғана берілді. Бұл тек Павлодар облысына ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Абай және ШҚО, Қостанай облысы. Этникалық қазақ виза рәсімдеу кезінде осы облыстарға келетініне бірден рұқсатын береді.
Бірақ көшіп келгендердің арасында қайта кеткендер де жетерлік. 2017 жылдан бері келген азаматтардың 6 пайызы түрлі себептермен Ертіс өңірінде тұрақтанбады.
Альмира Дисюпова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы:
Өз келген жерлеріне немесе ірі қалаларға қайта кетті. Отбасылық жағдайларына байланысты.
Сондай-ақ, жыл басынан бері Ресейден 34 этникалық қазақ көшіп келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқан.
Самал Қалиқызы