Павлодар облысының 60-қа жуық өрт сөндірушісі бақтарын сынап, үздік атануға барын салды. 12 команда берілген кедергілерді жылдамдыққа орындады. Өрт сөндірді, адамдарды құтқарды. 
 
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әсіресе құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысы оңай емес. Жалынды отпен арпалысып, түтін мен улы газ арасынан адам құтқару ерекше жігер мен күшті қажет ететін қызмет. Осы ретте өңірдің өрт сөндірушілері  кез келген жағдайға сақадай сай тұруы тиіс.
Осы ретте төтеншеліктер үшін арнайы жарыс ұйымдастырылды. 
Думан Қыдырмоллаев, ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі бастығының орынбасары:
Конкурсқа аудандар мен қалалардың барлық қызметкрелері қатысуда. Конкурс қызмет бабына қарай түтінмен жарсыт дұрыс есептейміз. Осындай сайыстар ұйымдастымарыз. 
Айта кетейік, аталмыш жарыстар жылда ұйымдастырылады. Өткен жылы Екібастұздан келген команда жеңіске жеткен еді. Ал, биыл Ақсулық өрт сөндірушілер үздіктер қатарынан көрінді. 
 
Самал Қалиқызы