Ұялы байланысы жоқ ұядай ауыл
 

Аққулы ауданына қарасты Жабағылы және Шоқтал ауылының тұрғындары ұялы байланыссыз отыр. Бұл мәселені арна тілшілері бұған дейін де көтерген еді. «Әкім сағаты» бағдарламасында аудан әкімі жыл соңына дейін проблема шешіледі деп тағы сендірді. 
 
Ұялы байланысы жоқ ұядай ауыл. Шарбақты ауылдық округіне қарасты Жабағылы ауылында 251 адам тұрады. Бұқара осы ұялы байланыстың жоғын айтып, талай рет әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Жолы жоқ ауылға тіпті сырттан келген жолаушының телефоны тұншығып, тілсіз қалады. Аудан атқамінерлері әне-міне деп сендіріп келе жатқандарына біршама уақыт болды.  
Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:
Аудан бойынша екі ауылымыз бар. Жабағылы және Шоқтал ауылында ұялы байланыс бойынша. Бүгінде Шоқталда ұялы байланысты ватсап арқылы орнаттық. Жабағылы бойынша, компаниялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін күтілуде. Ең басты проблема - вышка ғой. Біз қазір Ертіс орманы мемлекеттік мекемемен келісім шартқа отырдық. Осы жлдың аяғына дейін ұялы байланыс келуі мүмкін. 
 
«Ауыл - ел бесігі» арқылы 1 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Соңғы үш жылда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша төрт ауылдың әлеуметтік нысандарын жөңдеуге 1 млрд 188 млн теңгеден аса қаражат бөлінген. Ауыл ішіндегі 25 шақырым жолға асфальт төселді. 2024 жылы Жамбыл ауылындағы мектеп пен мәдениет үйі жөндеу көреді дейді Абзал Балғабаев. 
Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:
Жол келіп жатыр. Нысандар жөнделіп жатыр. Бір-екі жылдың ішінде ауылымыз осы бағдарлама арқылы көркейіп, жақсы болып кетеді. 

Қысқа отын даярлау науқаны басталады

Аққулы ауданында қысқа отын дайындау науқаны қазан айында басталмақ.  Бірақ аудан басшысы бағасынан бейхабар. 
Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:
Кубы 2000 теңге шығар. Сондықтан ертеңнен бастап, орман шурашылығымен хабарласып, біліп, әлеуметтік желілерге орналастырып қоямыз. Проблема ешқандай көріп тұрған жоқпын. Ауылдық округ әкіміне барыңыздар, қанша кую керек екенін белгілеп айтып кетсеңіздер, міндетті түрде берілетін болады отын. 
Ал, Қарақала ауылының тұрғындары жанармай мәселесін шешуді сұрады. Аудан кіреберісінде орналасқан бекеттің істен шыққанына бір жылдай уақыт болған. Абзал Балғабаев стансаға жаңадан иелік еткен кәсіпкер бір ай ішінде жұмысты жандандырады деп сендірді. 

Аяулым Рахымжанова