Сағындырған әндер-ай
Тереңкөл ауданы
Тереңкөл ауданында «Сағындырған әндер-ай» атты ретро-әндердің облыстық байқау-фестивалі өтті. Өнерлерін ортаға салу үшін жергілікті мәдениет үйіне өңірдің түкпір-түкпірінен қатысушы жиналды. Толығырақ – алдағы бейнематериалда.
Облыстық байқау-фестиваль екі атаулы датаға арналды: Бірі – атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығы болса, екіншісі – композитор Латиф Хамидидің 120 жылдығы. Бұл тұлғалардың шығармашылығы Қазақстанның музыкалық мұрасының маңызды бөлігіне айналып, тыңдарманның түрлі буынын біріктірген.
Людмила Шленчак, Тереңкөл аудандық мәдениет үйі басшысының орынбасары
Негізгі мақсат – тарихты жаңғыртып, ұлы тұлғалардың мұрасын сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Яғни өнердің озық үлгілерін өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, аманат етіп жеткізу. Бұл сайыста гран-при, 1,2,3 орын және түрлі аталым иегерін анықтаймыз. Әр ауданнан дуэттер де, жеке орындаушылар да бар.
Байқау-фестивальде бақ сынау үшін Железин, Успен, Баянауыл, Шарбақты және Ертіс өңірлерінен танымал өнерпаздар арнайы келді. Сонымен қатар тереңкөлдік вокалистер де өнер көрсетті.
Нұргелді Бердібол, байқау-фестиваль қатысушысы (Ертіс ауданы)
Ән байқауында мен Ермек Серкебаев атамыздың «Тыңда» деген әнін орындаймын. Екінші ән – «Сағындым сені» деген әнді орындаймын. Бұл әндер өзіме жақын болғаннан кейін, дауысыма жақын болғаннан кейін, өзіме ұнайтын әндерімнің бірі. Сондықтан да осы әндерді таңдаған себебім бар.
Мәдениет үйі қызметкерлерінің айтуынша, бұл іс-шара ұлттық музыкалық қазынамызға айналған туындыларды дәріптеп қана қоймай, жаңа таланттардың бағын ашуға таптырмас мүмкіндік береді.
Жұлдыз Қабылденова