Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект аграрлық саланы қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект аграрлық саланы қалай өзгертеді?

Қай жерді суару қажет, дәнді қашан себу керек, әр гектардың өнімділігін қалай арттыруға болады? Осы және өзге де сұрақтарға нақты әрі тиімді жауап табуға заманауи цифрлық шешімдер көмектеседі. Мемлекет басшысының Жолдауында аграрлық салаға жасанды интеллектіні енгізу мәселесі жеке атап өтілді. Толығырақ әріптесім тарқатады.



Президент ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллектіні енгізуді жедел қарқынмен іске асыру керек екенін айтты. Жаңа алқаптарды игеру кезінде суды үнемдеудің озық тәсілдері мен агрохимиялық технологияларды қолданудың маңызына да тоқталды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстарында да заманауи технологияларды қолдану маңызды. Олардың көмегімен шығынды азайтып, мол өнім алуға толық мүмкіндік бар.

Гүлнәр Төлендинова, биология ғылымдарының кандидаты

Біз, педагог ретінде, студенттердің бойында экологиялық сананы оятуымыз керек. Өйткені олар – болашақ мұғалімдер. Келешекте мектепте жұмыс істеп, бала тәрбиесіне атсалысқанда, бұл аса қажет болады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру – білім беру үдерісінің басты құрамдас бөлігі. Республикамыздың дамуы үшін жасанды интеллектіні зерттеу, оны игеру, сондай-ақ бұл технологияларды биология саласында, биотехнологиялық процестерді дамытуда қолдану мүмкіндігіне мән берген жөн. Осылайша, өнім көлемін арттырып, ішкі сұранысты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да шығаруға болады. Қазақстан үшін ғылым мен өндірістің бірлігі аса құнды. Біз, ғалымдар, жаңа идеяларды әзірлеуге және оларды өндіріске енгізуге белсенді түрде қатысуымыз тиіс.

Әлбетте, жасанды интеллект ауыл шаруашылығында маңдай терін төгіп жүрген мамандардың орнын алмастырмайды, алайда олардың жұмысын әлдеқайда жеңіл әрі өнімді етуге қабілетті. Егер қазірден бастап озық технологияларды дұрыс пайдалансақ, бұл болашақта елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторлардың біріне айналары анық.


Жұлдыз Қабылденова




Бөлісу