Отан - отбасынан басталады
Май ауданы
Отан отбасынан басталады. Жаняұядағы тыныштық, берекелі қоғамның енгізі. Өзара үйлесімді отбасында өскен ұрпақ та ел азаматы болып өсетіні баршасына белгілі. Осы орпайда Май ауданында отбасы құндылығын насихаттау жолында жас жанұяларға арналған семинар тренинг өтті.
Шараға ауданның жас жанұялар жиналды. Олардың алдында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері Бисмильдиндер отбасы. 41 жыл отасқан үлгілі жұп өмірлік сабақтарымен бөлісті.
Айсұлу Бисмильдина, Май ауданы Ақжар ауылының тұрғыны
Мәнді, мағыналы, тәрбие берелік іс-шара. Осындай іс-шаралар көп болса екен деймін. Барлығыңызға мәлім. Қазір не көп? Ажырасу көп. Жастарға айтарым отбасын құрғаннан кейін бір-бірлеріңе сеніммен, сыйластықпен қарасаңдар, бір-бірлеріңді тыңдай білсеңдер бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
Үлгілі отбасының тағылымды тәжірибесінен бөлек, Павлодар қаласынан арнайы келген психолог семинар тренинг өткізді. Онда отбасындағы тұрмыстық кикілжіңдерді жеңу жолдары, жұбайлардың ортақ мақсат құрып, қөұндылық қалыптастыру жайы, тіпті, отбасылық бюждетті басқаруға дейін талқыланды.
Жайрангүл Рахманбергенова, Май ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Сонымен қатар, ауданымыздың аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Серікбайқызы өзі жеке қатысып, жас отбасылармен жұмыс жасады. Аталмыш шара ауданымыздағы жас отбасылардың хал ахуалын білу, қазіргі белең алып жатқан ажырасу процестерін тежеу мақсатында өткізілді. Жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында гендерлік саясат бағытындағы осындай шаралар бізде жылда өткізіліп отырады.
Шараға қатысқан жас жанұялар бұндай семинарлардың маңыздылығына тоқталды.
Азамат Шоқанов, Май ауданының тұрғыны
Жас отбасына өте керек ілім-білім алуға. Бақытты отбасы мемлекетіміздің ең басты байлығы ғой.
Маржан Шоқанова, Май ауданының тұрғыны
Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Бізге ұнады. Психолог түрлі ойындар өткізді. Мәселен, «шалқан» ертігісі бойынша ойын өтті. Одан түсінгеніміз шалқанды қалай бір-біріне көмектесіп тартып шығарды сол сияқты отбасындағы мәселені бірлесе шешсе оңай және жеңіл болады.
Шара соңында семинарға қатысқан отбасылар мараптталып, сый-сияпатқа ие болды.