Негізгі Жаңалықтар Студенттер протезден жасанды қол әзірлеп шығарды

Студенттер протезден жасанды қол әзірлеп шығарды

Павлодарлық студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесетін протез қол жасап шығарды. Жасанды қол бұлшықет импульстарын оңай қабылдағандықтан басқаруға жеңіл. Жас өнертапқыштың бұл жобасына Оқу-ағарту министрлігі де қызығушылық танытқан. Жоба авторы осы еңбегінің арқасында Қазақстанның үздік 100 студентінің қатарына енді.


Бейбіт Перуаз – үшінші курс студенті. Ол робототехникаға алғашқы курстан бастап қызығушылық танытқан. Уақыт өте келе өзінің авторлық жобаларын жасай бастады. Ал, елге танылған жасанды протез қол жобасы жай ғана оқу жұмысы емес, көмекке мұқтаж жандар үшін заманауи технологияларды қолжетімді етуге бағытталған маңызды бастама.

Павлодарлық студенттің еңбегі республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. «Қазақстанның ТОП-100 студенті» бәйгесіне қатысқан 2 жүз үміткердің ішінен Бейбіттің жұмысы да жүлдегер атанды. 

Қазір ол құрылғыны одан әрі жетілдіріп, WorldSkills халықаралық чемпионатына дайындалып жатыр. Алдағы уақытта жобаны сынақтан өткізу және сертификаттау жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңдерден кейін ғана автор құрылғыны өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Болашақта бұл құрылғы қымбат шетелдік протездерге қолжетімді балама болуы мүмкін.



Бөлісу