Әскерге шақырудың күзгі маусымы басталды. Алғашқы легіндегі 28 сарбаз Қазақстанның әр түрлі әкери құрылымдарында борышын өтеуге аттанып та кетті. Өңірде әскер қатарына шақыру шарасы қалай өтуде?  
 
Сарбаз қатарына шақырудың күзгі маусымы белсенді жүруде. Алғашқы лекпен 4 топ аттандырылды. Қазір 28 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге жіәберілуде. Биыл күзде облыс бойынша 700 жігітті әскер қатарына шақыру жоспарланған. 
Әлішер Құлжабаев, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
Жиырма төрт мыңнан астам адам әскери есепте тұр. Алпыстан астам адам жібердік.
Шақыру комиссиясы кезінде жас жігіттер медициналық тексеруден өтеді. Комиссия құрамында  10 дәрігер бар. Шақырылушылар хирург, терапевт, кардиолог, функционалист сияқты өзге де мамандардың қарауынан өтеді.   
Олег Каримов, әскери комиссияның аға дәрігері:
Офтольмологиялық сырқаттар көп кездеседі. Бұл қазіргі өмір сүру салтына байланысты. Гаджеттерді көп қолданудан туған деп айтар едім. Осылайша көздің көру қабілеті әлсіреуде. 
Әскерге шақырылғандар барлық кабинеттерді аралап, нұсқауларды тыңдайды. Сосын ата-аналары қызметке алып баратын парад алаңына жеткізеді. Түнгі 12-лер шамасында қызметке аттанады. Көпшілігі шекара күзетуге барады. 
 
Жанасыл Серікбол, Артур Поляков