Павлодар облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Ақтау қаласына барып демалып келді. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған турды қоғамдық қордың бірі ұйымдастырған.
Тамыз айының 17-сінде облыстың жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінен 5 баладан таңдалып, Ақтау қаласына экскурсиялық саяхатқа аттанды. 10 күнге жалғасқан сапардың мақсаты – балаларды туған өлкенің мәдениеті мен дәстүріне баулу.
Қабиден Оңғаров, отбасы үлгісіндегі шақат балалар үйінің басшысы:
Бұл жерде 11-16 жас аралығындағы балалар таңдалды. Оқуда, спортта, өнерде үздік шыққан балаларды таңдадық. Биыл балалар жалпы ұйымдастырылды. Облыстағы 7 ұйымнан барды. Шақаттан 5 балал, Успен 5 балала, Павлодар 5, Кенжекөлден 5 бала барды. 35 бала барып отыр.
Жалпы 35 бала «Жаса» қоғамдық қорының бастамасымен аталмыш мүмкіндікке ие болды. Сапар «Жаса кидс» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оқушылар Ақтау қаласында Бозжыра шатқалына, көрікті жерлерді аралап қана қоймай, түрлі шеберлік сабақтарына қатысты. Мұражай, театрларды аралап, қайықпен серуендеді.
Анатолий Шилкин, балалар үйінің тәрбиеленушісі:
Ақтауға барып келдім. Өте қатты ұнады. Барлық жағдай жасалған. Ұйымдастырушылар бәрін ерекше өткізуге тырысты. Жоғары деңгейде болды. Суға да түстік. Осы демалысты мен көпке дейін есте сақтайтын боламын
Ангелина Козаренко, балалар үйінің тәрбиеленушісі:
Бірінші рет Ақтауға бардым. бірінші рет ұшаққа отырдым. Алған әсерім өте мол. Бәрі ұнады. Шахмат, баскетболдан мастер кластар болды. Ұйымдастырушыларға рахмет.
Айта кетейік, қоғамдық қор жұмысын осы жылы бастаған. Ол еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларды таңдап, ішкі саяхатқа баулып, жеріміздің көрікті орындарын аралатуға бағытталған. Келесі жылы қор мүшелері ел бойынша 500-ге жуық баланы Алматы облысына шақыруды жоспарлап отыр.
Самал Қалиқызы