Успен ауданында құрмет тақтасы ашылды. Оған еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан 32 жергілікті тұрғынның есімі жазылған. Ондағы фотосуреттер екі жылда бір рет ауыстырылады.  Ауыл тұрғындары үшін-бұл үлкен мәртебе. 
 
Мәдениет ұлттың қайнары. Успен ауданына өткен жылы Оңтүстік өңірлерден мәдениет үйінде еңбек етуге ондаған жас маман келді. Олар ауданның  өнер саласына жаңа леп әкелді.  Жаңа үйірмелер ашылды. Ансамбль, би, домбыра, актерлік шеберлік  орталықтарына  бой түзеді. Аудандық мәдениет үйінің директоры Бейбіт Бекеновтің есімі құрмет тақсатсында жазылған. Білікті басшы- ұжымның жетістігі. 
Бейбіт Бекенов, аудандық мәдениет үйінің  директоры:
Осы Успен ауданында тұрамын. Қаратайдың тумасымын Чернобыль апатында болғам. Аудандық мәслихатының депутаты. Мәдениет саласында үлкен жетістікке жеттік біз. Біздің жас мамандарымыз, қызметкерлеріміз үлкен үлкен деңгейде жетістікке жетіп отыр. Республикалық деңгейде, облыстық сайыстарда жеңске жетіп. Соны ескерген шығар ауданымыздың акиматы деп ойлаймын. 
Еңбек күні қарсаңында ашылған Құрмет тақтасы өскелең ұрпаққа үлгі өнеге. Тақтада  жаңа 32 тұрғынның суреті қойылды.  Бұл тұлғалар ауданның мақтаныштары. 
Жасталап Бараисов, Успен аудандық мәслихатының хатшысы:
Бүгін белсенді өмірлік ұстанымы бар, ауылдың дамуына қомақты үлес қосқан адамдар Құрмет тақтасына ілініп, құрметке ие болды.
Құрмет тақтасында еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, әртістер, мұғалімдердің фотосуреттері ілінді.  Әрқайсысына естелік ретінде дипломдар берілді. Айта кетейік, Құрмет тақтасындағы ақпарат екі жылда бір рет жаңартылады. 
 
Әйгерім Тоқпанқызы