Міржақып Дулатов атындағы Железин мектебінде «Елім менің» атты өлкетану экспедициясының қорытындысы жасалған дөңгелек стол өтті.  Аталған саяхатты ұйымдастырған жергілікті өлкетанушы Мұрат Хасенұлы биыл  70 жасқа толып отыр. Ел мен жердің тарихын жас өрендерге таныстыруда қыруар жұмыс атқарып жүрген ақсақалды Жеңіс Марданов атындағы облыстық өлкетанушылар бірлестігі құттықтады.  
 
Өмірбек Көркем, М.Дулатов атындағы мектептің оқушысы:
Бұл жобаның мақсаты өз еліміздің тарихын, өзен көлдерін ағаш шөптерін тіпті қыбырлаған құрт –құмырсқалары мен бүгінгі халықтың ахуалын танып білу болды. 
Бұл 2 жыл қатарынан  Мұрат Хасенұлы ұйымдастырып жүрген «Елім менің» өлкетану экспедициясына қатысқан жас өрен. Железин ауданындағы туған өлке тарихын қаттаушы, ел мен жердің жанашыры 13 жас зерттеушілерді жинап былтыр 44 елді мекенді аралап, ауылдың тарихымен таныстырса, биыл 3 шекараның шебін аралатты. 
Мұрат Багжиков, өлкетанушы: 
Бүкіл ауданды шарлап өттік. Железинкадан шығып теплоходпен Қарасу станица Береговойдың ар жағында қосылады. Соны аралап өттік. Жағадан өткенде Иса Байзақов ауылы көрініп тұр. Қарасу деп отырғанымыз. Орыстар столица дейді. Бұл Ертістің ескі арнасы. 
Аталған экспедициясының қорытынды отырысы өлкетанушы  Мұрат Хасенұлының туған күніне орайластырылды. Игі шараға  Жеңіс Марданов атындағы облыстық өлкетанушылар бірлестігінің мүшелері құттықтау үшін арнайы барды. 
Гүлнар Нұрахметова, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары:
Жасап жүрген бастамаларыңызға жетістік пен береке тілеймін. Құрметпен Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тауасқан.
Рухани жиынға ат басын бұрған аудан әкімі де туған күн иесінің иығына шапан жауып, жүрекжарды лебізін білдірді.   
Айтуған Шайхимов:
Мұрат Хасанұлы өзіңізге  үлкен үлкен аудан әкімшілігі атынан  рахметімізді айтамыз. Сіз осы жолдан таймаңыз балаларығңыздың еліміздің үлкен патриоттары болып өсуіне сіздің ықпалыңыз зор. 
Экспедиция барысында жинаған заттар мектеп музейінде сақтаулы. Өсімдіктерден гербарий жасап, құрт-құмырсқалардың коллекциясын жинап арнайы альбомдар дайындады. 
Мұрат Багжиков, өлкетанушы: 
Мынау 1745 жылы жасалған карта. Мында Железинка қалай жазылып тұр? Желе сосын твердый знак сияқты. Себебі орыстарда ө дыбысы жоқ. Звук жоқ. бұрмалап салған. Енді оның астарында «Жел өзен» жатыр.
Өлкетанушы аталған гипотезаны Жамбыл Артықбаевтың еңбектеріне сүйене дәлелдейді. 12 округінің  8-і өзге тілде аталған аудан ауылдарының төл атауларын беру ісіне, оны алдын-ала зерттеу мәселесіне қосылып отырған зор үлес. 
Рүстембек Қалымқұлов, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:
Жаңа сіз айтып отырған сим деп айтқан сөзіңіз сим река деп расында да бұл бәрі жазылған. Расында да кезінде мына жақта жел қатты болған екен. Жел қатты болған екен де анау Ертістің бетіндегі суды қатты жарға соғылады екен. Ойыңыз бәрі келіп тұр.
Айта кету керек, аудандағы жалғыз қазақ мектебіне Міржақып Дулатовтың есімін беруге де ат салысқан да Мұрат Хасенұлы.  Былтыр алаш ардақтысының атын иеленген білім ордасының оқушылары аталған шарада өнерлерін аяп қалмады. 
 
Гүлсара Мәлікова