Бүгінгі қоғамда жас отбасылардың ажырасып жатқанын жиі естиміз. Бұл талқандалған тағдырлар мен бақытсыз балалар. Осындай жағдайларды азайту, отбасының босағасын берік ету мақсатында «Өнеге» сайысы өтті. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен 10-нан аса отбасы қатысты. 

Бақдаулет пен Сымбат Ақтоғай ауданынан келген. Шаңырақ көтергендеріне биыл 3 жыл. Бір ұл тәрбиелеп отыр. Жас отбасы ұлттық қазақи құндылықтарды сақтап, жанұя деген шағын мемлекеттің береке мен бірлікте өсіп, өркендеуіне үлес қосуда.   Бүгінгі «Өнеге» облыстық сайысына ауданнан бірінші орын алып өткен.  
Бақдәулет Шәпей, Сымбат Арынова, жас отбасы:
Бүгінгі іс шара керемет өтіп жатыр. Жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралардың көп болғанын қалаймыз. Қатысушылардың бәріне сәттілік тілейміз. Бұл біздің отбасылық қатысып жатқан алғашқы конкурсымыз. Алғашқы қадамымыз. Енді бәріне қатысуға барын саламыз. 
«Өнеге» облыстық отбасылық сайысы балалар жылы аясында жас отбасыларға ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталып отыр. Облыстық кезеңде 13 жас жанұя қатысып, бақтарын сынады. Ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Конкурс  үш кезеңнен тұрды.   
Жұлдыз Малдыбаева, «Кенжекөл жастары» ҚҰ үйлестірушісі:
Бүгінгі сайыс үш кезеңнен құралған. Бірінші лав стори отбасының құрылуы. Екінші шығармашылық кезең. Үшінші отбасы ағашын жасау. Сайыс өте тамаша. Бірақ та барлығын отбасына деген махаббат біріктіреді. 
Отбасылар сахна төрінде бар өнерлерін ортаға салды. Олардың бәріне бөліп-жармай бірдей сыйлықтар табысталды. Шараның негізгі ұстанған мақсаты бақталастық емес, онсыз да ажырасу көбейген қоғамда жанұя мүшелерін біріктіру деуге болады. 
 
Самал Қалиқызы