Успен ауданы Қоңырөзек ауылының кітапханасына биыл 80 жыл толып отыр.  Қорында 7 мыңнан аса кітап бар.   Негізі 1942 жылы қаланған кітап ордасының тұрақты оқырмандары көп. Рухани азық сыйлап келе жатқан ауыл кітапханасының мерейтойын жұртшылық керемет көңіл-күймен атап өтті. 

 Киелі шаңыраққа 80 жыл толып отыр.Кітапханада  қазақ тілінде 4 мыңнан аса кітап бар. Қалғаны әлем әдебиетінің шығармалары. Қазір 300-ден астам тұрақты оқырман бар. Олардың арасында балалардың көп болғаны қуантады дейді мамандар. 
Бибісара Арумбаева,  кітапханашы:
Қазір кітапхананың 310  тұрақты оқырманы бар. Оның ішінде 81-зі бала. Біз ардагерлер кеңесімен, Павлов орта мектебімен, Мәдениет үйінің  қызметкерлерімен және әкімдікпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз.  Все мероприятия у нас проходят в тесном сотрудничестве.
Мерекелік шарада кітапхана тарихына шолу жасалды. Мәдениет Сүлейменов кітапхананың тұрақты оқырманы. Ол әдебиет,  қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан үнемі ізденіс үстінде. Білімін толықтырады. 
Мәдениет Сүлейменов,  оқырман: 
Біздің кітапхана жыл сайын жаңа кітаптармен  толығып отырады.  Жаңадан қызықты кітаптар шығып жатады. Өзіміз мұғалім болғандықтан балаларға кітаптарды таныстыру мақсатынды өзіміздің жұмысымызға байланысты болғандықтан жаңадан келіп жатқан кітаптарды  бір шлып қарап отырамыз.өзіміздің қызығын алып, оқып отырамыз. 
Оқырман қауым әрине, қазақ әдебітінің  классигі Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқуды ұнатады. Себебі ол қазақ әдебиетінің алыбы.
 Мәдениет Сүлейменов,  оқырман: 
Оқыған кітаптар өте көп. Бірақ соның ішіндегісі мен М.Әуезовтың әңгімелерін оқығандық жақсы көремін және екінші жуырда 2018 жылы шыққан Ұ.Нұрғалымның «Даяғашшы» деген кітабы жақсы, сол кітапты оқуға ұсынамын. Және де өзім де жақсы көремін оқуды. 
Кітап білім азығы. Адам ой-өрісін дамыту үшін кем дегенде бір айда 2 көркем әдебиет кітап оқу тиіс. Әсіресе, жас буын өкілдері уақытын  ғаламторда, әлеуметтік желі мен ұялы телефонда емес, кітап оқуымен уақытын өткізсе  көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде қалыптасатыны хақ. 
 
Әйгерім Тоқпанқызы