Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды бастамалар көтерілді. Оның ішінде су ресурстарын тиімді басқару назарда тұр. Сондай-ақ еңбек нарығын жетілдіру мәселесі де айқын бағыт ретінде белгіленді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ірі өзендердің көбі трансшекаралық. Сондықтан судың сапасын бақылау мен тиімді пайдалану үшін халықаралық келісімдер маңызды.

Қазымбек Баймағамбетов, «Ұлы ертіс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, су шаруашылығы саласының ардагері

Ертіс өзені өте үлкен өзен Қазақстан бойынша, ол трансшекаралық. Бірақ сол судың пайдалануы, ол судың тазалығы барлығы осы біздің үкімет арқылы шешіледі. Өйткені көршілес елдермен жасалған көп келісімдер бар. Өздеріңізге белгілі бізде жер асты суларын пайдаланатын екі өңір бар. Ол Успен ауданы мен Шарбақты ауданы. Дегенмен ол жұмыстарды да қолға алып, бұрынғы жасалған зерттеулерін жинап, концепцияға кіргізіп, жер асты суларын қосып жатыр.

Жолдауда еңбек нарығының жаңа мүмкіндіктері мен жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру жайы да айтылды. Облыста бос жұмыс орындарының саны жылдан жылға артып келеді.

Қазбек Жомартов, Павлодар облысы еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары

Өндірістік салада, құрылыс саласында бос орындар көп. Өндіріс саласында 20 пайыз, құрылысы саласында 13 пайыз бос орындар бүгінгі күні бар. Негізі Павлодар облысын толық қарастырсақ, бүгінгі күні 5000 мыңға жуық бос орындар бар. Оның ішінде тек жұмысшы мамандықтар ғана емес.

Жолдауда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру ел дамуына серпін бермек. Сарапшылар су ресурстарын басқару мен еңбек нарығын жетілдірудің маңызы ерекше екенін атап өтті.

Сабина Жолдаспаева