Екібастұз қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың мәселелерін жедел шешу мақсатында тұрғындарды қабылдау шарасы өтуде. Қабылдауды Екібастұз қалалық прокуратурасының өкілдері ұйымдастыруда.

Іс-шара аясында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берілуде. Қабылдауға келген тұрғындар көптеген мәселерді алға тартты. Барлық мәселе қазіргі таңда өзекті. Прокурорлар әр өтінішті жеке қарап, заң аясында нақты түсіндірмелер ұсынуда. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тауып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Қабылдау барысында құқықтық түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Прокуратура өкілдері мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетінін жеткізді. Азаматтар бұл бастаманы қолдап, билік өкілдерімен тікелей кездесу мүмкіндігіне ризашылықтарын білдірді. Азаматтарды қабылдау қыркүйек айының 30 на дейін жалғасады. Тұрғындар әр бейсенбі сайын сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін Әуезов көщесі 47Б мекенжайына келе алады.

Жанасыл Серікбол