Павлодарда еріктілер арасында «Жасыл өмір үшін жарыс» атты ерекше сайыс өтті. Шараның мақсаты жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоғам назарын өзекті мәселелерге аудару. Экоквестке студенттер мен оқушылардан құралған 5 команда қатысты.

Экоквест барысында қатысушылар 5 адамнан құралған командаларға бірігіп, әртүрлі тапсырмаларды орындады. «ЭКОvision» бекетінде олар экологиялық постер әзірлеп, өз идеяларын сурет пен жазба арқылы жеткізді. Ал «Сортируем правильно!» кезеңінде қоқысты дұрыс сұрыптау машығын көрсетті.

Айжан Қали, жастар бастамаларын дамыту ортылығының «Еріктілер» бөлімінің басшысы

Жалпы бүгін экологияның маңыздылығын жастарға жеткізу мақсатында осы шараны өткізіп жатырмыз. Осы шарада 5 станция болады. Яғни, викториналық сұрақтар болады, видео көрмелер өтеді. Басқа да экологиямен байланысты шаралар өтеді.

Одан кейін, «ИнфоМиссия» бекетінде еріктілер экологиялық парақшаларды тұрғындарға таратып, қоғаммен тікелей байланыс орнатты. «Taza Qazaqstan» кезеңінде командалар қысқа бейнеролик түсіріп, табиғатты қорғаудың маңызын ерекше форматта жеткізді. «Эко-Баттл» викторинасында қатысушылар жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелер бойынша білімін сынға салды. Жануарларды қорғау, суды үнемдеу және қайта өңдеу тәсілдері жайлы сұрақтарға жауап берді.

Жүрсін Мұқан, экоквестке қатысушы

Бір жарым жыл болды ерікті болып жүргеніме. Достарым шақырды. Ата-әжелерге көмектесеміз. Бізде командада 5 адам, 1 курс студенттері ретінде қатысып жатырмыз. Осы квестке алғаш рет қатысып тұрмыз.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологияға деген қызығушылығын арттырады.

Сабина Жолдаспаева