Ел Президенті жолдауда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өткен еді. Бұл ретте Павлодар өңірі салауатты өмір салтын насихаттау мен спорт инфрақұрылымын дамытуда алдыңғы қатарда тұр. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұқаралық спорт – тек қызығушылық қана емес, салауатты өмір салтына бастар жол. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Павлодар облысында халықтың 39 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады. Биыл бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, өңірде балаларға арналған спорт үйірмелерінің саны да едәуір көбейген. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, қазір шаһардағы спорт басқармасының құзырында 32 спорттық мекеме жұмыс істейді. 24 мың балалар мен жас өспірімдерді қамтиды.

Байтұрсын Жұмабай