«Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық». Президент өз жолдауында еліміздің жас тұрғындарының келбетін осылай көретіндігін айтты.
«Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр» деді Президент. Әлібетте, жастар әркез елдің болашағы. Ал, болашақты мәпелеу баршасының міндеті.
Елімізде, облысымызда жастар саны басым. Бұл дегеніміз еліміздің ірі серпілістері алда дегенді білдіреді. Сондықтан, жастарға білім алудан жалықпай, жасампаз жолдарға ұмтылу міндеті тұр.
Жанасыл Серікбол