Павлодар қаласында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері үшін дәстүрлі оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шара Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен 6679 әскери бөлімнің базасында өткізілді. Мұғалімдер жаңа оқу жылына арналған бағдарламалармен танысып, әскери техника мен қару-жарақ түрлерін көріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Оқу-әдістемелік жиын жыл сайын қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында өтеді. Мұғалімдер жаңадан шыққан 10-11 сыныптарға арналған оқу құралдарын талқылап, жылдық жоспарларды нақтылады.
Абзал Идрисов,№30 ЖОББМ алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі
Павлодар қаласының білім бөлімімен және қорғаныс істер жөніндегі департаменті мен жоспарына сәйкес ұстаздарға міне практикалық сабақтар өтіп жүр.Келешекте біз оқушылармен сабақ өткізген кезде әскери мамандық бар айтатын боламыз.Келешекте әскери мамандықты таңдайды деп сенеміз.
Мұндай жиындар барысында мұғалімдер тек теориямен шектелмей, практикалық білімдерін де арттырады. Әскери бөлім мамандары қазіргі заманғы қару-жарақ пен техникалардың құрылымын, қолданылу тәсілдерін таныстырып, нақты тәжірибе бөліседі.
Әскери дайындық сабақтарының негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Дильназ Қуанышбекқызы