Май аудандық ауруханасында әйелдер кеңесі және ерте араласу орталығы ашылды. Енді аналар мен олардың балаларына білікті мамандар түрлі сұрақтар бойынша кеңес беретін болады. Толығырақ тілші сюжетінде.
Әйелдерге кеңес беру орталығы жүктілік және оған дайындық, жүктілік кезіндегі түрлі жағдайлардың алдын алуға бағытталады. Ал, ерте араласу орталығында жаңа туған сәбиден 7 жасқа дейін балаларға мамандардың көмегі көрсетіледі. Ашылу рәсіміне аудан әкімі де қатысты.
Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі
Бұл біздің балаларымыз бен аналары үшін қамқор қоғам құру үшін жасалып отыр. Балаларға ертерек көмектесу бұл жай ғана көмектесу емес, олардың бүкіл қоғамның денсаулығына нақты инвестиция. Ерте жаста олардың денсаулығының, сенімдіоігінің негзідері қалыптасады. Бұл орталық көптеген отбасыларға тірек болады. Кәсіби көмекті қамтамасыз етеді.
Ерте араласу орталығында дефектолог, логопед, педиатр, психолог мамандар балаларды қабылдайды. Олар аутизм сырқатын алдын алу бойынша жан-жақты жұмыс қолға алады. Балалардың есту қабілетін тексеру мақсатында аудио скрининг де жүргізіледі. Әйелдер кеңесі орталығында ультрадыбыстық зерттеу аппараты, яғни акушерлік-гинекологиялық бағытта қажеттінің бәрі бар. Екі орталық та болашақ аналар үшін өте маңызды.
Ләззат Қамалова, Көктөбе ауылының тұрғыны
Енді бізде ауруханамызда өте керемет аналарға арналған кеңес ашылып жатыр, өте қуаныштымыз. Барлығымызға үлкен қолжетімді. Бәрін осында келіп кеңес алуға шақырамыз.
Жалпы Май аудандық ауруханасында дәрігерлер тапшылығы сұрағы шешілген. Тіпті болмаған жағдайда қаладан мамандарды шақыртып жатады.
Алшынбек Ахтанов, Май аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Соңғы үш жылда аудандық ауруханаға 13 дәрігер келді. Былтыр 7 маман келді. Олар реаниматолог, стоматоло, екі хирург, неврапатолог және 2 жалпы тәжірибелік дәрігер мамандары. Қазіргі уақытта кардиолог, лор, окулист дәрігерлері керек бізге. Бірақ бұл сұрақты біз шешкен сияқтымыз. Қазір олар бізге Ақсу, Павлодар, Курчатовтан аптасына бір рет келіп пациенттерді қабылдайды. Бұл облыс орталығына барып көрінгеннен көрі ыңғайлы.
Қоғамда қашан да бала мен ананың денсаулығы бірінші орында. Сондықтан осындай орталықтардың ашылғаны болашақ ұрпақтың саулығы үшін маңызды.
Самал Қалиқызы