Күні кеше ғана Мемлекет басшысының Жолдауында жасанды интелект, цифрландыру бойынша әлі де істелетін жұмыстар айтылды. Цифрландыру қазір кәсіпорындарға да келіп жатыр. Мәселен, қаланы жылумен қамтитын ірі орталық ауаға шығатын шығарындыларды енді автоматты түрде өлшейді.

Павлодар облыстық экология департаменті өңірдегі кәсіпорындардың аумағында ауа сапасын мониторингілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті мониторинг жұмыстары «Павлодарэнерго» АҚ-да болды. Онда жақында орнатылған автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Николай Полюдов, «Павлодарэнерго» АҚ 3-ЖЭО цех бастығының орынбасары

Бұл заманауи технология. 2024 жылы монтаждалып, 2025 жылы іске қосылды. Автоматтандырылған мониторинг жүйесі бұл өндірістік кәсіпорындардан атмосфераға тараталатын шығарындылардың мөлшерін, сапасын, құрамын тәулік бойы автоматты режимде бақылауға мүмкіндік беретін заманауи технология. Барлық аталған деректер еліміздің эмиссия мониторингі ақпараттық жүйесіне жолданады. Жүйе ақпаратты өңдеп, сақтап, талдайды.

Автоматтандырылған мониторинг жүйесі параметрлердің өзгерісін бірден анықтап, орталық жүйеге жеткізеді. Құрылғы қоршаған ортаға шығатын көміртек оксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, шаң және оттегінің мөлшерін анықтайды.

Алина Қайыргелді, Павлодар облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы

Біз бүгін пресс турмен Павлодарэнерго АҚ келдік. Негізгі мақсат автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жұмысымен танысу. Мында 3 құрылғы орнатылған. 3- ЖЭО келіп, көрдік оның жұмысына баға бердік. Автоматтандырылған мониторинг жүйесіндегі ақпараттар орталық порталға түседі. Біздің департаментпен ол әр 20 минут сайын тексеріледі.

«Павлодарэнерго» АҚ жыл сайын экологиялық шараларға мол инвестиция құяды. Жүйелерді автоманттандыруға, орталықтандыруға көп жұмыс бағытталып жатыр.

Самал Қалиқызы