Елімізде қыркүйектің 1-і мен қарашаның 1-і күндері аралығында «Учаске» жедел профилкатикалық шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жайсыз отбасыларды аралап, есепте тұрған азаматтардың үйіне барып, тексеру жүргізеді. Кезекті болған рейдке біздің арна тілшілері барды. Келесі сюжетте көрейік.

Тәртіп сақшылары сап түзеп, бастық жүктеген міндеттерді арқалап кезекшілікке аттанды. Басты мақсат тәртіп бұзғандарды анықтап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Берік Каткенов, оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы

Сол іс шараның қарсаңында полиция учаскелік инспекторлары өз учаскелерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның арасында есепте тұрған тұлғалар және жайсыз отбасылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Есепке қойылады бір талай адамдар. Сотталған адамдар. Жұмыс дәптеріне енгізіледі. Және ары қарай жұмысқа қажет болады.

Айта кетейік Оңтүстік полиция бөлімінде алты учаскелік пункт бар. Мұнда 45 инспектор қызмет етеді. Олар күнделікті есепте тұрған отбасыларды аралап, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кезекті тексерісті Катаева көшесі, 11/2 мекенжайынан бастады. Бұнда ішімдікке тәуелді 43 жастағы азамат тұрады.

Бұдан кейін учаскелік инспектор осы үйге іргелес дүкенге барып, алкоголь сату тәртібі туралы сатушыға ескерту жасады. Заң бойынша, спирттік ішімдіктер тек сағат 12:00 мен 23:00 аралығында сатылуы тиіс.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Екінші Павлодар ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде тұратын көпбалалы анаға да барды. 11, 5, 3 жастағы және 8 айлық төрт баласы бар жалғызбасты ана қазіргі уақытта еш жерде жұмыс істемейді. Алайда атаулы әлеуметтік көмек алып, балаларын асырап отыр.

  Балалары мектеп пен балабақшаға барады. Кішкентай қызы балабақшаға орналастырылған соң, жұмысқа орналасатынын жеткізді. Инспекторлар бұдан кейін Толстой көшесіне тұратын үш жайсыз отбасының жағдайын тексерді. Біз келгенде пәтер иесі қонақтарымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырды.

Жалпы, «Учаске» жедел алдын алу шарасы құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғам тыныштығын сақтауға бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Айта кетейік, осы шара басталғалы бері, небәрі он күннің ішінде Оңтүстік полиция бөлімшесінде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сонымен қатар, бөлімшенің кезекші бөліміне тәулігіне шамамен 400-ге жуық қоңырау мен шақырту түседі.

Әйгерім Тоқпанқызы