«Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу керек»,– деді Президент өз жолдауында. Сондай-ақ, мемлекет басшысы 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылғанын, алайда әкімдіктер соның жартысына жуығын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп бергенін атап өтті.

Жер - мемлекеттің басты байлығы. Ал, ауыл шаруашылығы жерлері халықтың негізгі тіршілік көзі. Сондықтан, бұл саладағы олқылықтар орынан келуі тиіс. Бұл шара біраз жыл бұрын басталған. Бірақ, толық шешілді деуге келмейді. Сондықтан, Президент өз жолдауында бұл мәселеге баса назар аударды.

Павлодар облысында жайылым жерлердің жетіспеушілігі мәселесі бар. Егістік алқаптардың бос, игерілмей жатқан жайттары кездесіп тұрады.

Самал Қалиқызы